Бангладештегі жейде фабрикасында 21 адам мерт болды

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні, ақпанның 25-інде Бангладештің астанасы Дакканың солтүстігінде орналасқан тоқыма фабрикасында өрт болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат АFР сайтына сілтеме жасап.

Өрт кешке жақын «Гариб және Гариб тоқыма фабрикасы» кәсіпорнының екінші қабатында басталды. Негізінен әйелдерді құрайтын ондаған қызметкерлердің сыртқа шығар жолдары жабылып қалды. Өрт сөндірушілерге тілсіз жауды бірнеше сағаттан кейін ауыздықтаудың сәті түсті.

Өрттің шығу себептері әлі анықталған жоқ.

Бангладеште 4500-ге жуық тоқыма фабрикалары жұмыс істейді. Олар мемлекеттің экспорттық кірістерінің 80 пайызын қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар