Банктер енді 2006 жылғы банкноттарды айырбастамайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2017 жылдың 3 қазанынан бастап екінші деңгейлі банктер 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды айырбастауды тоқтататынын хабарлады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлім етті.
None
None

Сонымен қатар, аталған банкноттар Ұлттық банктің барлық филиалдарында 2020 жылдың 3 қазанына дейін комиссиялық төлемсіз немесе айырбастау төлемінсіз айырбастау үшін қабылданатын болады.

Аталған мәселеге байланысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығын қорғау және ішкі байланыс басқармасының телефондарына: +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 және қолда бар ақшамен жұмыс жөніндегі басқарманың телефондарына: +7 (727) 270 45 69 хабарласып, ақпарат алуға болады. 

Соңғы жаңалықтар