Банктер несие беруде белсенділік танытпай отыр - Г.Марченко

АЛМАТЫ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Маусым айында еліміздегі банктердің несиелендіру көлемі өскен жоқ. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко айтты.
None
None

«Маусым айында несиелендіру көлемінің ұлғайғанын қалағанбыз. Алайда жағдай өзгеріссіз қалды. Банктер бұл ретте белсенділік танытпай отыр», деді ол. Оның айтуынша, маусым айында ұзақ мерзімді несиелендіру 1,4 пайызға немесе 6270,9 миллиард теңгеге дейін төмендеген. Қысқа мерзімді несиелер көлемі 1205,5 миллиард теңгені құраған. Нәтижесінде ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы 2010 жылғы мамырмен салыстырғанда 2010 жылғы маусымда 84,1 пайыздан 83,9 пайызға дейін азайып отыр.

Маусым айында банктердің экономикаға несиелері бойынша негізгі борышының жалпы көлемі 21,2 пайызға, немесе 7476,4 миллиард теңгеге дейін төмендеген. Маусым айында банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы бұрынғы 14,2 пайыз деңгейінде болған. Ал жеке тұлғалар бойынша - 20,4 пайыздан 20,0 пайызға дейін төмендеген.

Соңғы жаңалықтар