Банктер шағын және орта бизнесті несиелеуге бөлінген қаржыны қарқынды игеріп жатыр - Қ. Келімбетов

None
None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Екінші деңгейлі банктер шағын және орта бизнесті несиелеуге бөлінген қаржыны қарқынды игеріп жатыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, қазіргі күні банктер шағын және орта бизнесті несиелеуге арналған қаржыны игерген 106 млрд. теңге сомасында келісім-шарттарға қол қойылған. Бүгінде 2 мың 158 қарыз алушымен келісім-шарттар бекітілген. Беріліп жатқан қарыздың орташа мөлшері ? 49 млн. теңгені құрайды. «БТА банкі және Цесна банкі бөлінген қаржыны толық игергенін атап өту қажет. Өңірлер бөлінісінде, игерілген қаржының барынша көп бөлігі Алматы мен Астана қалаларының, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарының еншісінде. Салалар бөлінісінде қаржының 43 пайызы сауда-саттыққа, 30 пайызы қызмет көрсетулерге, 10 пайыздайы өнеркәсіпке берілді. Ауыл шаруашылығына бөлінген қаражаттың үлесі шамамен 7 пайыз», - деді Қ. Келімбетов. Осы орайда, ол банктердің қаржыны игеру қарқыны бекітілген жоспардан әлдеқайда жоғары екенін, барлық банктер қаржыны қарқынды игеріп жатқанын атап өтті. Айта кетейік, шағын және орта бизнесті қолдау дағдарысқа қарсы бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл мақсатқа 120 млрд. теңге бөлінді. Оның 117 млрд. теңгесі банктерге орналастырылса, 3 млрд. теңгесі «Даму қолдау» бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Даму» қорында резервте тұр.
Соңғы жаңалықтар