Банктердің көпшілігі 2-ші тоқсанда халыққа қатысты несие саясаты бұрынғы деңгейде қалады деп бағалап отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұраныстың бұрынғы деңгейде сақталғандығы туралы мәлімдеген респонденттердің үлесі 62 пайызды құрады. Тұтынушылық несиеге сұраныстың ұлғаюын атап өткен респонденттер саны 19-дан 48 пайызға дейін өскені байқалады.
Несиелеудің тұтынушылық нарығында кейбір ұсақ және орташа банктер айтарлықтай белсенділік көрсетуде. Тұтынушылық несиелеудің негізгі үлесі ағымдағы қажеттіліктер үшін берілетін қысқа мерзімді және сомалары бойынша шектелген несиелерге тиесілі. Ірі банктердің бөлшек несиелеу нарығындағы қатысуы шамалы. Ол негізінен жалақылық жобалар, сондай-ақ несиелік тарихы оң бұрынғы заемшылар шеңберінде жүзеге асырылады. Кепілдікті қамтамасыз ету құнының өзгеру тәуекелдерінің сақталуына, экономикалық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты банктер заемшыларды талдау мен бағалауға талапты жоғарылатуда. Көбіне тұтынушылық несиелеу кезінде пайдаланылатын скорингтік үлгіні қолдану заемшылардың несиелік тәуекелін бағалаудың негізгі әдісі болуда. Жалпы алғанда банктер пайдалылықты жеткілікті деңгейде ұстап тұру мақсатында бастапқы клиенттерді айтарлықтай қатаң таңдайды. Атап айтқанда, банктердің бағалауынша бастапқы өтінімдердің орташа алғанда 40-50 пайызы ғана мақұлданады. Бұл тұрақты экономикалық өсуге өту жағдайында ұлғаюы мүмкін. Ол бөлшек несиелеу көлемдерінің тұрақты өсуіне болжам жасауға мүмкіндік береді.