Банктердің несие қоржындары сапасының нашарлауы жалғасуда
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тәукелдер дәрежесін бөлу кезінде неғұрлым жоғары маңыздылық несиелік тәуекелге (респонденттердің 51%-ы) және операциялық тәуекелге (респонденттердің 23%-ы) тиесілі болды. Бұл ретте операциялық тәуекелдің өзектілігі алаяқтық жағдайларымен байланысты екендігін айта кету қажет.Банктер өтімділік тәуекелі мен валюта тәуекелін «өткен тәуекелдер» деп атайды. Өткен кезеңдерде несиелеуді қатаң шектеу және пассив базаны белсенді түрде өсіру, сондай-ақ банктердің сыртқы міндеттемелеріне қызмет көрсету жөніндегі жүктеменің азаюы өтімділік тәуекелінің төмендеуіне әсер етті. Валюта тәуекелінің төмендеуі, ең алдымен, ұлттық валютаның тұрақты бағамына қолдау көрсетумен және ағымдағы айырбастау бағамының сақталуына оң болжамдармен байланысты. Пассив базаны реттеу мақсатында банктердің көбіне депозиттер бойынша талаптарды өзгерте отырып не сыйақы ставкасын азайту жағына қайта қарай отырып, заңды тұлғалар депозиттерінің әкелінуін шектеуіне тура келеді. Банктердің бос қаражатының негізгі үлесі ішкі нарықтан тартылған қысқа ақшаға тиесілі және оны ұзақ мерзімді несиелеу үшін пайдалану мүмкін емес. Ұзақ мерзімді қаражатқа сұраныс ұсыныстан асып түседі.
Банктердің 76 пайызға жуығы бағаның тұрақтылығын немесе 2-ші тоқсанда жылжымайтын мүлікке баға біртіндеп шамалы өседі деп санайды. Олардың пікірінше, тұрғын үй нарығындағы ахуал айтарлықтай жақсарды, бағаның төмендеуіне қатысты үрей іс жүзінде болған жоқ. Бағаның жандануына бірнеше себеп болды: 2009 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша маңызды қолдау көрсетті. Елдегі макроэкономикалық ахуалдың жандануы және әлемдік нарықтардағы байқалған оң үрдістер айтарлықтай рөл атқарды. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік нарығынан алыпсатарлық құрамдас бөлік кетті.