Банктік қызмет пен қаржы ұйымдарын реттеудегі тәуекелдерді азайту үшін еліміздің заңдарына түзетулер енгізіледі
Аталған заң жобасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.
Заң жобасының негізгі мақсаты - банктік қызметті және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелдерді азайту бөлігінде, сондай-ақ банктер қызметінің ашықтығын және банктік конгломераттарды олар жүргізетін операциялар мен инвестициялар бөлігінде арттыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын жетілдіру болып табылады.
Еліміздің бірнеше кодексі мен бірқатар заңдарға түзетулер енгізілетіні қарастырылған.
Заң жобасының негізгі тұжырымдамалық бағыттары айқындалған. Атап айтқанда, қаржы ұйымдарының аффилиирленген тұлғалармен жасалған операциялардың болған тәуекелдерді азайту жолымен банктік конгломераттарды шоғырландырылған қадағалауды күшейту көзделіп отыр.
Қаржы ұйымдарының, ірі қатысушылардың және банктік холдингтердің қызметінде айқындылық тетіктерін енгізу қарастырылған. Сондай-ақ алаяқтық ықтималын, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында манипуляцияларды болдырмау мақсатында қаржы нарығының инфрақұрылымын жетілдіру және инвестолардың бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына деген сенімділігін арттыру бағыты бар.
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық қорларының құрылу, жұмыс істеу және қызметін тоқтату тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру арқылы инвестициялаудың ұжымдық нысандарын одан әрі дамыту көзделген.
Заң жобасы қабылданған жағдайда шоғырландырылған қадағалау тәсілдері күшейтіледі және қаржы ұйымдарының айқындылығы арта түседі.