19:19, 08 Мамыр 2013 | GMT +5
Бәрін бірдей теңестіру болмайды. Қазақстандағы зиянды өндірістер тізімі жаңадан құрылады - С. Әбденов
ӨСКЕМЕН. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Өскемен жұртының ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовпен кездесуінде бәрінен бұрын өнеркәсіптік аймақтың тұрғындарын қызықтыратын сауал қойылды - мамандары бұрын дәстүрлі түрде зейнетке ерте шығатын барынша қауіпті кәсіптер тізбесін қамтитын №1 және №2 тізіммен не болмақ.

С. Әбденов ағымдағы жылы мұндай тізімдер жаңадан жасалатынын айтып сендірді. Және оған бүгінгі күнге дейін «зиянды» болып саналған мамандықтар ғана емес, сонымен қатар, арнайы аттестацияда өндірістік жағдайлардың зияндылығын растай алатын мамандықтар да кіреді.
Мысалы, Алматыдағы «Ақсай-Нан» наубайшылары осы мәселені көтеріп, оң жауап алды.
«Бәрін бірдей теңестіру болмайды. Біз бұл мәселелерді шешуге салмақты және әртарапты қарайтын боламыз»,- деп атап өтті министр.