«Baring Vostok Capital Partners» инвестициялық қоры қатарынан төрт жыл бойы «Global Private Equity Awards» сыйлығына ие болды

АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Baring Vostok Capital Partners» инвестициялық қоры халықаралық «Private Equity International» журналы оқырмандарының сауалнамасы бойынша тіке инвестициялауға маманданған компаниялар арасында үздік деп танылып, «Global Private Equity Awards-2008» сыйлығына ие болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат kaspi bank-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Банк акционері болып табылатын компания бұл сыйлыққа осымен қатарынан 4 жыл ие болып отыр. 2 жыл бұрын қазақстандық қаржы институтының бақылау пакетіне ие болған «Baring Vostok Capital Partners» ТМД елдерінің нарығында 15 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. Бұрынғы кеңестік республикалардағы ірі тіке инвестициялаушылардың бірі саналатын оның қор қоржынында 10 мыңнан астам адам жұмыс істейтін 20 компания бар. Олардың жылдық жалпы табысы 1,7 миллиард долларды құрайды. «2006-2007 жылдары «Baring Vostok Capital Partners» банк капиталына 100 миллион доллардың инвестициясын салды. Акционерлер банкті тұрақты инвестициялау арқылы осы уақытқа дейін бірде-бір рет дивидент төлеген жоқ. Алдағы уақытта да төлемек емес», - дейді kaspi bank Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.
Соңғы жаңалықтар