«Барыс» бүгін плей-офф сатысындағы екінші ойынын өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысында бүгін ресейлік «Металлург» (Магнитогорск) командасымен екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталған ойын Нижнекамск қаласындағы «Металлург» аренасында болады. Кездесу елорда уақытымен 20:00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Магнитогорскіде өткен алғашқы кездесуде «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

Тағы екі кездесу 5 және 7 наурызда елордада болады.

Төрт матчта жеңімпаз анықталмаған жағдайда одан кейінгі ойындар 9, 13 наурызда Магнитогорскіде, 11 наурызда астанада өтеді.

Айта кетсек, «Барыс» шығыс конференциясында сегізінші орынға тұрақтаса, «Металлург» екінші орынға табан тіреді.

Екі команда бұған дейін плей-офф сатысында төрт мәрте жолықты.

Ресейлік клуб ойындар сериясында 2011/2012 жылғы кезеңде 4:3, 2016/2017 жылғы кезеңде 4:0 есебімен жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал 2019/2020 жылғы кезеңде «Барыс» аталған қарсыласын жалпы серияда 4:1, 2020/2021 жылғы кезеңде 4:2 есебімен орта жолда қалдырып кетті.


Соңғы жаңалықтар