«Барыстың» хоккейшілері «Ақ барстан» басым түсті

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше астаналық «Барыс» хоккей клубы Татарстанның Қазан қаласында өткен кезекті ойында жергілікті «Ақ барс» командасынан басым түсті.
None
None

«Барыс» пен оның жанкүйерлері үшін бұл көптен күткен жеңіс еді. Себебі бұған дейін астаналық клубтың хоккейшілері «Ақ барспен» 19 рет (!) кездесіп, екі-ақ рет жеңіске жеткен болатын. Осы жолы «Барыс» өз қарсыласын 4:2 есебімен тізе бүктіріп, үшінші рет жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл ойында Брэндон Баченски, Эндрю Хатчинсон, Илья Соларев және Роман Старченко шайба салып, көзге түсті. Ал Найджел Доус, Алексей Ливиненко, Константин Савенков, Виктор Александров және Дмитрий Уппер сынды шайба шеберлері нәтижелі пас бере білді. Қорытынды есеп - 4:2. «Барыс» тағы үш ұпайға ие болды. Қазіргі кезде біздің еншімізде барлығы 76 ұпай бар.

«Барыстың» хоккейшілері келесі ойынды «Нефтехимикпен» өткізеді. Ал одан кейін «Шығыс» конференциясының көшбасшысы - «Авангард» командасымен күш сынасып көреді.     

Соңғы жаңалықтар