Бас мүфти Түркия дін істері басқармасы төрағасының қабылдауында болды

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түркия дін істері басқармасының төрағасы, профессор Мехмет Гөрмездің қабылдауында болды. Бұл туралы muslim.kz сайтынан хабарланды.
None
None

Кездесу барысында Мехмет Гөрмез: «Қазақстанның жауапкершілігі ауыр және абыройлы қызметке тағайындалдыңыз. Біз Қазақстанмен достық пен бауырластықта, тығыз қарым-қатынаста келе жатқан елміз. Ата тегіміз бір, шаңырағымыз бөлек туыс мемлекетпіз. Бүгінге дейін Қазақстанмен қоян-қолтық жақсы мәміледе болып келдік. Бұдан кейін де қарым-қатынасымыздың жақсара түсетініне сенімім мол», - деді.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияның Ыстамбұл шаһарында «Жаңа үміт» және «Хира» басылымдарының ұйымдастыруымен халықаралық симпозиум өтті. 80 мемлекеттен келген Бас мүфтилер, Ислам ғұламалары, дін жанашырлары, қоғам қайраткерлері «Біртұтас жол картасы: Ижма және ортақ сана» атты тақырып аясында сүбелі ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы симпозиум жұмысына қатысып, баяндама жасады.

Соңғы жаңалықтар