Бас прокуратура Айбын Жантелеевке қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінің әрекетін заңсыз деп тапты
Бұл туралы бүгін ТМД-ға мүше мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің 18-ші мәжілісі барысында журналистермен сұхбаттасқан ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бас прокурордың сөзіне қарағанда, оның бұйрығымен құрылған арнайы тергеу тобы өзінің жұмысын аяқтады. «Кеше тергеу тобының мүшелері бұл оқиға жөнінде ақпарат құралдары үшін арнайы сұхбаттар берді. Қаржы полициясының қызметкері Айдын Жантелеевке қатысты есірткі пайдаланды деген айыппен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қозғаған қылмыстық іс тоқтатылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері істі жүргізу барысында дөрекі түрде заң бұзушылықтарға жол берген. Бұл әрекетті құқық қорғау органы қызметкерлеріне қарсылық көрсету деп бағалауға болмайды. Бұл Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері тарапынан жіберілген кемшілік қана», деді Бас прокурор.
Оның айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне қатысты осы істі жүргізу барысында жіберілген кемшіліктері үшін қылмыстық іс қозғалып, Бас әскери басқармаға тексеруге жіберілді.