Бас прокуратура Жаңаөзен оқиғасы бойынша полиция қызметкерлерінің қаруды пайдалану нәтижесінде кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бас прокуратура полиция қызметкерлерінің қаруды пайдаланып, адамдарға ату салдарынан қаза келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен баспасөз мәслихатында ресми өкіл Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті. «Жаңаөзен оқиғасына байланысты тергеулерде адамдардың қаза болуының әрбір фактісі бойынша оның ішінде қылмыстың жолын кесуге қажетті шаралардың шегінен шыға отырып табельдік қару қолданған полиция қызметкерлері әрекеттерінің заңсыздығы туралы хабарлар бойынша да мән-жайлар анықталуда және құқықтық баға берілуде. Атап айтқанда Бас прокуратурамен 2011 жылдың 27 желтоқсанында полиция қызметкерлерінің қаруды адамдарға қарай ату нәтижесінде қаза келтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 308 бабы 4 бөлігінің «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалды», - деп атап өтті ресми өкіл. Естеріңізге сала кетейік, Қылмыстық кодексінің аталған бабы қызметтік өкілеттікті қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көздейді. «Объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында бұл іс прокурордың арнайы басшылығындағы тергеу тобымен тергелуде. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша бірқатар қажетті сот сраптамалары тағайындалды», - деді Н.Сүйіндіков.

Соңғы жаңалықтар