Бас Прокурордың бірінші орынбасары Италия Елшісімен кездесті

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель Қазақстандағы Италия Республикасының Елшісі Альберто Пиеримен кездесті.
None
None

Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланғандай, кездесу барысында екіжақты құқықтық кең ауқымды ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар өзара іс-әрекеттің әрі қарай кеңеюі мен нығаюына деген мүдделілігін қуаттады.

И.Меркель сұхбаттасушысын Бас прокуратура қызметінің негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, екіжақты форматтағы халықаралық- құқықтық ынтымақтастықты кеңейту қазақстандық прокуратура органдарының басты қызметтерінің бірі екендігін атап өтті. Қазақстан мен Италия арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселесі сұхбаттың маңызды тақырыбы болды. Италия тарапы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді ұстап беру және сотталғандарды беру туралы мемлекетаралық шарттарға жақын арада қол қою үшін барлық күш-жігерін салуға дайын екендігін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар