18:56, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
"Бәсекелестікті шектеудегі мемлекеттің іс-қимылы" тақырыбында семинар ұйымдастырылды - ЕуроОдақ сарапшылары
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат – Еуропалық Одақтың «2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасында стратегиялық диалогты дамытуға ықпал ету және бағдарламаға консультациялар» атты реформаларды жылжыту, білім және озық тәжірибелер, сондай-ақ ноу-хау алмасу жөніндегі жұмыстарды жылжыту үшін республикаға қолдау көрсетуге бағытталған жобасы ауқымында
ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде осы жылғы мамырдың 25-27-інде «Бәсекелестікті шектеудегі мемлекеттің іс-қимылы» тақырыбына семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Семинар ауқымында Еурокомиссияның бәсекені қорғау жөніндегі аға маманы Маркус Ханделин мемлекеттік органдар тарапынан қолданылатын бәсекеге қарсы іс-қимыл және мұндай қадамдарға монополияға қарсы органдардың әрекеті туралы мәселелерді қозғады. Бұдан басқа, сарапшылар ЕуроОдақ елдеріндегі сөз байласу, басымдық жағдайын теріс пайдалану, монополиялық жоғары құн қою және мұндай орын алған нәрселерді шешудің жолдары, сондай-ақ монополияға қарсы заңдардың бұзылуына зерттеу жүргізу сияқты мәселелер талқыланды.