Басшы-азаматты зейнет демалысына шығарып салды - Батыс Қазақстан облысы

ОРАЛ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыс әкімдігінде ҚР АШМ облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылық инспекциясының бастығы Марат Оразғалиевті зейнет демалысына шығарып салу рәсімі болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Марат Нұржанұлының ұзақ жылғы еңбегіне ризашылығын білдіріп, алғысхат табыс етті.

М.Оразғалиев - Шыңғырлау ауданының түлегі. Партия органдарында қызмет еткен ол 1992-1997 жылдары осы ауданды басқарды. Кейін орман және аңшылық шаруашылық мекемелері жүйесінде де жемісті еңбек етті. Оған қоса облыстық сайлау комиссиясының төрағасы ретінде депутаттық корпустың қалыптасуына елеулі үлесін қосты.

Соңғы жаңалықтар