Бастауыш партия ұйымдары төрағаларының алғашқы форумы өтті - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің конференц- залында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалы бастауыш ұйымдары төрағаларының алғашқы форумында партия жұмысын жандандыру жайы қарастырылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде облыстық филиалда 454 бастауыш партия ұйымы тіркеліп, онда 35 мың 700 партия мүшесі есепке алынған. Сыбайлас жемқорлықпен күрес шарасы барысында өткен жылы 18, басқа да себептермен барлығы 1850 адам мүшеліктен шығарылған. Партиялық форумға «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков қатысып, қарастырылған мәселелер төңірегінде ойымен бөлісіп, бірқатар сауалдарға жауап қайтарды. Іс -шара барысында өңірдің индустриялды-инновациялық дамуы - міндеттер мен жоспарлар, бастауыш партия ұйымдарының іс-әрекеті: түйткілдер мен жобалары, идеологиялық, насихаттық, түсінік жұмыстарындағы рөлі, депутаттық фракциялармен ынтымақты жұмысы, партияның халықтық тұғырнамасын іске асыруда шағын және орта бизнеспен, шаруа қожалықтарымен қырым-қатынасы, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жүзеге асырудағы ұстанымы әңгіме арқауына айналды. Форум қорытындысы бойынша «Нұр Отан» ХДП мүшелерінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған өңірдің барлық партия ұйымдары мен партия мүшелеріне үндеу қабылданды

Соңғы жаңалықтар