09:22, 05 Наурыз 2012 | GMT +5
Басты мәселе - мемлекеттік қызметкерлерді даярлау деңгейін көтеру - Павлодар облысының әкімі
ПАВЛОДАР. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жұртшылықтың мемлекеттік органдар қызметі туралы оң пікірін қалыптастырудың аймақтық бағдарламасы құрылып жатыр,

деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.
Өткен аптаның аяғында өткен жиында облыс әкімі Ерлан Арын қызметкерлерді даярлау деңгейін өсіруді басты мәселе санайтынын хабарлады. Мемлекеттік құрылымдар виртуалдық қабылдау бөлмелерін белсенді етіп, заңдарды жақсы білуі, ҚР Конституциясынан басталатын үкіметтік актілердің электрондық пакеттерімен жұмыс істей білуге міндетті.
Аймақтық бағдарламаға кіретін шаралар туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аймақтық басқармасының бастығы, тәртіптік кеңес төрағасы Нұрлан Рамазанов айтып берді. Оған қоғамдық қабылдау бөлмелері ісін жандандыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекеттестік, ақпараттық бюллетеньдерді шығару, көрнекі насихаттауды кеңінен қолдану жатады.