Батумиде Транскаспий халықаралық бағдарын дамыту талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 шілдеде Батумиде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің төрағалығымен Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) Үйлестіру комитетінің кезекті отырысы өткізілді.
None
None

ТХКБ Үйлестіру комитетінің жұмыс тобының отырысына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Түркия мемлекеттік темір жолы, «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ, «Грузия темір жолы» АҚ, «Ақтау халықаралық порты» ҰК» АҚ, Баку халықаралық теңіз сауда порты, «Әзербайжан Каспий теңізі пароходтығы» ЖАҚ, «Батуми теңіз порты» ААҚ, «Minshend Logistics Co» Ltd (ҚХР) компанияларының басшылары қатысты, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Осылайша олардың үйлестірілген қызметінің барысында биылғы жылғы 24 шілдеде тұңғыш Қытай-Қазақстан-Әзербайжан контейнерлік пойызы жіберілді. Барлық бағдар бойынша бәсекелестікке дайын тариф белгіленді және бұл контейнерлік пойыз бағдарды 6-7 тәулікте басып өтеді.

Биылғы жылғы қыркүйекте Ыстамбул бағдарына осындай ТХКБ бағдарымен пойыз жіберу жоспарланып отыр.

Отырысты қорытындылай келіп, Асқар Мамин ТХКБ алдындағы басты мақсат Транкаспий бағдарында тасымалдауды дамыту екендігін атап өтті.

Осыған байланысты бұл бағдардағы жылжымалы құрамды барынша тиімді пайдалану үшін қосымша жүктер тарту қажеттігін алға тартты. Отырыс барысында Қазақстан тарабы Қытай- Қазақстан- Әзербайжан -Грузия - Түркия бағдарындағы контейнерлік пойыздарды өткізу мақсатында көлік компанияларының технологиялық жұмысын үйлестіру керектігін ұсынды.

Ол технология бойынша транзиттік контейнерлік пойыздардың жолда жүру мерзімін барынша азайту, алдын ала ақпараттық алмасу, кедендік орындардың халықаралық аралас жүктер тәртібін қолдануы, тасымалдау ілеспе құжаттарын рәсімдеу, қаржылық міндеттемелер, тұрақты түрде пойыздардың тәулік ішінде 1100 шақырым жүріп өтуін қамтамасыз ету, контейнерлерге жүк тиеу мен түсіру уақытын азайту жайлары бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 100 қадам бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ТХКБ аясында контейнерлік пойыздар бағдарын тұрақты атқару үшін бірлескен компания құруды ұсынды.

Тараптар Үйлестіру комитетінің аймақтағы көліктік әріптестікті дамытудағы рөлін жоғары бағалады.

Соңғы жаңалықтар