«Батырлар картасы» 2015 жылы жөнделетін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалалық мәслихат депутаттары «Батырлар картасы» тағдырына назар аудара бастады. Жақында өтетін бюджет комиссиясында олар қорымды абаттандыруға қаржы бөлу мәселесін талқыламақ, деп хабарлады mediatv.kz.
None
None

«Бюджет комиссиясында біз «Шымкенттегі «Батырлар картасын» жаңғырту мәселесін қараймыз. Егер жұмыстарды ақпан-наурыз айларында бастасақ, мамырға дейін үлгереміз. Оның үстіне 2015 жылы үлкен мереке - Жеңістің 70 жылдығы аталып өтеді», - деді қалалық мәслихаттың депутаты Ғани Ташқараев Ұлы Отан осғысының жауынгерлері жерленген қорымда болған кезінде.

Қалалық әкімдіктің ТКШ бөлімінің мәліметтері бойынша, 2015 жылы қалада Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында кең көлемді абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Батырлар картасы шаралар жоспарына енгізілді, енді қаржыландыруды күту ғана қалды. Сондай-ақ Шымкент түбіндегі Тассай, Өтеміс, Жаңаталап кенттерінде де Даңқ аллеялары абаттандырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар