17:44, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
«Батыс» ӘКК басқарма бастығы тағайындалды
АҚТӨБЕ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендибаева/ - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2010 жылғы ақпанның 24-індегі бұйрығымен «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма бастығы болып Серғазы Есембаев тағайындалды.
ӘКК баспасөз қызметінің хабарлағанындай, Серғазы Есембаев 1958 жылы қазанның 28-інде туған. К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.