«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысына байланысты мемлекеттік қарыз 2014-2033 жылдары өтеледі

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысына байланысты мемлекеттік қарыз 2014-2033 жылдары өтеледі.
None
None

Бүгін BNews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай деді.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізінің құрылысына арналып бюджеттен қарастырылған шығыстардың жартысын іс жүзінде сырттан тартылған қаржы құрайды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл халықаралық қаржы ұйымдарының займдары. Сондықтан олар қымбат емес әрі ұзақ мерзімге арналған.

«Өтеу 2014 жылмен 2033 жылдың аралығында жүзеге асырылатын болады», -деді  Б.Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар