Батыс Қазақстан халқының 51 пайызы ауылда тұрады

ОРАЛ. 10 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында халық саны 616,5 мыңға жетті.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде 301,9 мыңы немесе 49 пайызы қалада, 314,6 мыңы немесе 51 пайызы ауылда тұрады.

Өткен тоғыз айда облыста 9270 нәресте дүниеге келді, бұл өткен жылғыдан 4,7 пайызға артық. Сондай-ақ 4410 адам өмірден өтті, бұл 2 пайызға кем.

Соңғы жаңалықтар