Батыс Қазақстан қазақ драма театрында «Сұлтанның сасқаны-ай» спектаклі қойылды

ОРАЛ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында египет драматургі Таупиқ Әл-Хәкімнің «Сұлтанның сасқаны-ай» атты шығармасы бойынша қойылған спектакльдің премьерасы болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қойылымды Қызылорда облыстық театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хусейн Әмір-Темір сахналады. Египеттегі ХІІІ ғасырдағы, мәмлүктер заманындағы оқиғалар арқау болған спектакльде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сердеш Қажымұратов, сондай-ақ Қуаныш Амандықов, Мұсағали Бектенов, Ербол Есендосов, Нұргүл Жұбатова сынды әртістер ойнайды. Мұнда сұлтанның бас-еркі жоқ, яғни құл екені мәлім болып, содан шырғалаң басталады. Бұл сауда-саттыққа ұласып, ақыры сұлтанның басы азат болып, мемлекеттік мәселе заң жолымен шешіледі. Шығарма комедиялық жанрға жатқызылғанымен, ойландырады да. Хан да, сұлтан да, бай мен кедей де ? бәрі де заң алдында бірдей. Шығарма идеясы осыған саяды.
Соңғы жаңалықтар