Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында жаңа қойылым сахналанбақ

ОРАЛ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мамырдың 16-17-сі күндері Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында түрік драматургі Т.Джудженоглудың «Көшкін» шығармасы бойынша жаңа спектакльдің премьерасы болмақ.
None
None

Театр директоры Құжырғали Төлеуішевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, республика театрларының біразында қойылып үлгерген аталмыш туындыны режиссер Мұқанғали Томанов сахналап отыр. Шығармаға тау үңгірінде күн кешкен халықтың тағдыры арқау болған. Көшкін қаупі болғандықтан, мұнда қатты сөйлеуге, күлуге болмайды. Тіпті сәбидің дүниеге келуіне де тыйым салынған. Егер әйелдер екіқабат болса, тірілей көміледі. Бірақ тіршілікке тоқтау жоқ. Ақыры бір келіншек жеңілденіп қалып, соңы дау-дамай, күреске ұласады. Шын мәнісінде көшкін қаупі жоқ екен. Бұл сол режімді ұстап тұруға бағытталған адамдардың ойлап тапқаны болып шығады.

Рольдерде Сердеш Қажымұратов, Мұсағали Бектенов, Ербол Есендосов, Гүлжан Шынтемір, Бибігүл Есәлиева сынды белді театр актерлерінің бәрі ойнайды.

Соңғы жаңалықтар