17:37, 06 Мамыр 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстан облыстық мұражайында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған көрме ашылып, кездесу өткізілді
ОРАЛ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Тарих. Тағылым. Тағзым» атты көрме ашылып, майдангерлермен кездесу өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Майданға Чапаев ауданынан аттанған Нұрманғали Ғабдушев соғыс жылдарынан естеліктерін айтты. Ол 2-Белорус майданы құрамында Днепр өзенінен өту кезіндегі ұрыстарға қатысқан. Кейін мүгедек болып елге оралған ардагер жиналғандарға ізгі тілегін де білдірді. «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» атты кешке қатысқан басқа да майдангерлерге де құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды.
Кеште қаладағы №30, №42 орта мектептер оқушылары мен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің студенттері соғыс жылдарғы әндерді орындады.