Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

7 тамыз күні жаңа басшыны басқарма ұжымына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев таныстырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, Марат Тоқжанов 1965 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін (тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша), Қазақ мемлекеттік заң академиясын (заңгер) бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Жезқазған облысы, Сәтбаев қаласындағы мектеп-интернатта мұғалім болып бастаған.
1990-1991 жылдары Сәтбаев қалалық комсомол комитетінің екінші хатшысы.
1991-1994 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының саяси тарих кафедрасының ассистенті.
1994-1999 жылдары Алматы қаласындағы «Ақжайық ЛТД» ЖШС директоры, кейін ҚР Білім және ғылым министрлігі Ә.Марғұлан атындағы археология институтының аға ғылыми қызметкері.
1999-2000 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы бұқаралық ақпарат құралдары және насихат бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы.
2000-2003 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлекеттік материалдық резерв жөніндегі комитеті кадрлар бөлімінің меңгерушісі. Сол жылы республикалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспекциялық басқарманың бөлім бастығы болып істеген.
2003-2004 жылдары ҚР Әділет министрлігі ішкі әкімшілік департаментінің бөлім бастығы.
2004-2007 жылдары Қарағанды облысы, Теміртау қалалық әділет басқармасының бастығы.
2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары.
2008-2010 жылдары Шыңғырлау ауданының әкімі.
2010 жылдан облыстық білім басқармасының бастығы болды.