16:17, 17 Сәуір 2011 | GMT +5
Батыс Қазақстан облысына мемлекеттік материалдық резервтерден көмек берілуде
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысына мемлекеттік материалдық резервтерден көмек берілуде, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынының зардаптарын жою үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік материалдық резервтерден 22 500 килогамм күріш жармасын, 66 600 ет қалбырларын, 2 700 килограмм шай, 3 913 литр өсімдік майын, 16 200 килограмм қант, 300 кереует, 1 000 төсеніш, 1 000 көпшік, 1 000 жамылғы, 4 000 төсек жабынын, 604,8 килограмм сабын, 10 мотопомпа, 75 тонна дизель отынын бөлді.
Көмекті жедел көрсету үшін жүктерді жеткізу ҚР ТЖМ автокөлігімен және авиациясымен жүзеге асырылуда.