Батыс Қазақстан облысында 180 тонна дайын шөп өртеніп кетті

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өрт салдарынан 180 тонна дайын шөп күлге айналды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Жаңақала ауданына қарасты «Қазиев» шаруа қожалығының аумағында тұтанған тілсіз жау 700 шаршы метр жерді қамтыған.

«Өрт салдарынан 180 тонна дайын шөп күлге айналды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген ведомство ақпаратында.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 4 маманы мен 1 техникасы, сонымен қатар 10 ерікті өрт сөндіруші мен олардың 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар