09:42, 02 Тамыз 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстан облысында екі жекеменшік үйдің қоралары өртенді
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданына қарасты Қоскөл ауылында кеше сағат 03.40-те Абай көшесі бойындағы жекеменшік үйдің жазғы асханасы мен қорасы өртеніп,

Қаржауов көшесі бойындағы үйдің шаруа құрылыстарына таралып кеткен. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Өрт сағат 20.20-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ БҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы, Шұғыл құтқару қызметінің 20 адамы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 530 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан 36 тонна шөп, 14 тонна көмірі және 70 ұсақ мал өртеніп кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.