Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар бір азаматтың мәйітін тапты

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар бір азаматтың мәйітін тапты,
None
None

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

«Родник» саяжай алабын тесеру барысында Батыс Қазақстан облысының тумасы, Орал қаласының Деркөл елді мекенінде тұратын 1958 жылы дүниеге келген адаматтың мәйіті табылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның атап өуінше, оның қаза табу себебі туралы толық ақпарат сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны басталғаннан бергі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері 615 адамды құтқарып, 8 мың 852 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Олардың 150-і - балалар. Өздері тұрып жатқан жерге осы уақытта 1 мың 787 адам қайтып үлгерді. Су тасқынының астында 8 мың 625 үй қалған. Олардың 1 мың 479-ы тұрғын үйлер. Ал саяжайлар саны 7 мың 146-ны құрап отыр.

Су тасқынының салдарын жоюға төтенше жағдайлар саласының жеке құрамынан 258 адам жұмылдырылған. Ведомство міндетін 42 қайық, 53 техника мен 1 АН-30 ұшағы мен төтенше жағдайлар саласының 2 тікұшағымен жүзеге асыруда. Сондай-ақ бұл жұмыстарға 995 адам мен 245 коммуналдық қызмет пен жергілікті атқарушы органдардың және өзге де бірқатар құрылымдарды техникалары жұмылдырылуда.

Соңғы жаңалықтар