Батыс Қазақстан облысында су тасқынының салдарын жою шаралары жалғасуда

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында су тасқынының салдарын жою шаралары жалғасуда,
None
None

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының салдарын жою мақсатында атқарылатын шараларды жоспарлау мақсатында Төтенше жағдайлар вице-министр генерал-майор Валерий Петровтың қатысуымен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарауынша, Орал мен Үлкен өзендерінің деңгейі бірнеше сантиметрге төмендеген.

«Судың деңгейі төмендегеннен бергі бір тәулікте «Ақжайық» қонақ үйінен 9 адам қайтадан үйлеріне қайтарылды. Олардың 2-уі Зеленов ауданының Макаров ауылынан. Азаматтарды үйлеріне қайтару шарасы Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің көмегімен жүзеге асырылды»,-делінген баспасөз мәлметтерінде.

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны басталғаннан осы уақытқа дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері 615 адамды құтқарып, 8 мың 852 адамды қауіпсіз аймаққа көшірген. Олардың 150-і - балалар. Өздері тұрып жатқан жерге осы уақытта 1 мың 787 адам қайтарылды. Су тасқынының астында 8 мың 625 үй қалған. Олардың 1 мың 479-ы - тұрғын үйлер. Ал саяжайлар саны 7 мың 146-ны құрап отыр.

Су тасқынының салдарын жоюға төтенше жағдайлар саласының жеке құрамынан 258 адам жұмылдырылған. Ол өз міндеттерін 42 қайық, 53 техника мен 1 АН -30 ұшағы және ттенше жағдайлар саласының 2 тікұшағымен жүзеге асыруда. Сондай-ақ бұл жұмыстарға 995 адам мен 245 коммуналдық қызмет пен жергілікті атқарушы органдардың және өзге де бірқатар құрылымдардың техникалары қатыстырылуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум