Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бірнеше далалық алқа отқа оранды

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында далалық алқаптар өртенді.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

Батыс Қазақстан облысында, Қазталов ауданында 1 тамызда сағат 17.06-да далада өрт болды.

Өрт сағат 14.52-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ БҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 1 техникасы, Ақпатер ауылдық округі бойынша Шұғыл құтқару қызметінің 135 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 715 гектарды құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  110 тонна шөп жанып кетті.

Павлодар облысының Шарбақты ауданында кеше сағат 12.08-де далалық алқап өртенді.

Өрт сағат 18.20-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша Шұғыл құтқару қызметінің 3 адамым мен 1 техникасы, «Ертіс Орманы» ММ-нің 30 адамы мен 10 техникасы, Қарабидай ауданы бойынша 9 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 140 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.  80 тонна шөп жанып кетті.

Соңғы жаңалықтар