Батыс Қазақстанда 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні кеңінен тойланбақ
Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарлады. 26-30 сәуір аралығында мейрам аясында Оралда Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының гастролі болмақ. 25-30 сәуір аралығында «Біз бейбітшілікті қолдаймыз» атты сынып сағаттары, ұлттық ойындардан жарыстар, түрлі ұлт өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылмақ. 26 сәуір-1 мамыр аралығында «Әрқашан күн сөнбесін!» атты сурет, «Бір шаңырақ астындамыз» балалар шығармашылығы қолөнері, «Қазақстан достық шаңырағы астында» деген тақырыпта кітап көрмесі өткізілмек. 28 сәуірде Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ХІІ «Достық» фестивалі ашылады.
Негізгі шаралар 1 мамыр күні өтеді. Бұл күні мерекелік шеру болып, театрландырылған концерттік бағдарлама қойылмақ. Сондай-ақ өнімдер жәрмеңкесі мен мерекелік сауда-саттық, басқа да мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады. Осындай шаралар мамыр бойы жалғаспақ.