Батыс Қазақстанда 1659 адам шағын несиеге қол жеткізді
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы Мұнара Қапышеваның айтуынша, соның ішінде 2425-і - өзін-өзі қамтушы азаматтар. Бұлардың көпшілігінің ұйымдастыру қабілеті бар, өз кәсібін де жүргізе алады. Міне, сондықтан да «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының екінші бағытына сәйкес солардың 1659-ы немесе 80 пайыздан астамы өз кәсіпорнын ашу үшін шағын несие алды. Бұл оларды тұрақты жұмыспен қамтумен бірге жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік берді.
Жалпы, облыста өзін-өзі қамти алатын 125 мыңдай адам бар, бұл экономикалық белсенді халықтың 37,8 пайызын құрайды. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында олар ел экономикасына нақты үлес қосуға мүмкіндік алып отыр. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жоспарлы түрде жалғасатын болады.