02:10, 21 Қараша 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда 190,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылғыдан 16,6 пайызға көбейді
ОРАЛ. 21 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда 43,5 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, жыл басынан бері 1734 жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
Он айда тұрғын үй құрылысына 10,3 млрд. теңге жұмсалып, 190,2 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерді, бұл өткен жылғыдан 16,6 пайызға артық. Соның ішінде 164,5 мың шаршы метрі тұрғындар қаржысына, 24,4 мың шаршы метрі (1,4 мыңы - коммуналдық, 23 мың шаршы метрі несиелік тұрғын үй) республикалық бюджет, 1,3 мың шаршы метр жатақхана кәсіпорын есебінен салынды.