14:37, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда 20297,7 млн. теңгенің азық-түлік өнімдері өндіріліп, өткен жылғыдан 8,4 пайызға өсті
ОРАЛ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда 20297,7 млн. теңгенің азық-түлік өнімдері өндіріліп, өткен жылғыдан 8,4 пайызға өсті.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өткен жылы он бір айда 2932 тонна ет өндірілсе, биыл бұл 3247 тоннаға жетті. Сондай-ақ биыл жыл басынан бері 2016 тонна сүт ( өткен жылы осы мерзімде - 1946 тонна ), 109315 тонна ұн ( 105990 тонна ), 17791 тонна нан ( 17346 тонна ), 17286 тонна макарон ( 16784 тонна ) шығарылды.