23:36, 18 Қазан 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда 25,5 млн. тонна жүк тасымалданды
ОРАЛ. 18 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 25,5 млн. тонна жүк тасымалданды.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның 25,4 млн. тоннасы автомобиль, 0,1 млн. тоннасы өзен көлігінің үлесіне тиеді.
Облыс бойынша жүк айналым көлемі 1 693,7 млн. тонна/шақырымды құрады, бұл өткен жылғыдан 19,6 пайызға жоғары. Жүк айналым көлемі автомобиль көлігінде 1 693,0 млн. тонна/шақырымды, өзен көлігінде 0,7 млн. тонна/шакырымды құрады. Биылғы қыркүйекте жүк айналымы көлемі тамыз айымен салыстырғанда 6,5 пайызға өсіп, 266,6 млн. тонна/шақырымға жетті.
Өңірде тоғыз айда 308,1 млн. адам көздеген жеріне жеткізілді, бұл 2011 жылғыдан 20,8 пайызға көп. Жолаушы айналымы осы кезең ішінде 4856,1 млн. жолаушы/шақырымды құрап, 2011 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 14,3 пайызға көбейді.