Батыс Қазақстанда 27 мәдениет нысаны жөндеуден өткізілуде

ОРАЛ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да 27 мәдениет нысаны жөндеуден өткізілуде.
None
None

Облыс әкімдігінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жергілікті бюджет есебінен 258,8 млн. теңгеге 12 нысанды күрделі жөндеу қарастырылса, 15 нысан «Жол картасына» сәйкес күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілмек, бұған 343,2 млн. теңге бөлінген.

Өңірдегі мәдениет саласының биылғы нақтыланған бюджеті 3,4 млрд. теңгені құрады. Облыста бүгінгі таңда қос театр, 267 мәдениет үйі мен клуб, 408 кітапхана, 7 кинотеатр (екеуі - жеке), 9 мұражай (екеуі - қоғамдық), 64 киноқондырғы, көрме залы, қалалық мәдениет және демалыс саябағы жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар