15:50, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
ОРАЛ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында индустрияландыру картасы аясында 256 млрд. теңгеге 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, бұл шамамен жаңа 1500 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 2012 жылы 5,2 млрд. теңгеге 10 жоба (455 жұмыс орны) жоспарланды.