Батыс Қазақстанда 380,7 мың гектар жер өз мақсатына пайдаланылмай отыр

ОРАЛ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 545 агроқұрылым 380,7 мың гектар жерді өз мақсатына пайдаланбай келген.
None
None

Бұл туралы облыс прокуроры Серік Қарамановтың төрағалығымен өткен БҚО прокуратурасының 13 наурыз күнгі алқа мәжілісінде айтылды.

Прокуратураның баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өңірде 2011-2012 жылдары ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстары кезінде анықталған. Сонымен қатар тексеріс барысында аталмыш жұмыстың сапасыз жасалып, толық атқарылмағаны белгілі болды. Тек прокуратура органдары тексеріс кезінде жалпы аумағы 6003,8 га 17 иесіз жер телімін тапқан.

Ең бастысы, жер тиімді пайданылмайды. Айталық, Бөрлі ауданында 144 агроқұрылымға мал жаю үшін 63939 га жер берілген. Алайда 113 шаруашылықта мал мүлдем жоқ болып шықты, яғни 50144,5 га жер немесе жайылымның 78,4 пайызы құр жатқан. Ал облыс аумағында мал жайылатын жер тапшы. Мәселен, Оралға қарасты Деркөл ауылы тұрғындарында 855 ірі қара, 192 қой, 50 жылқы болса, барлық жайылым көлемі 1095 га ғана. Мұнда тек ірі қараның жайылымға шығуы үшін 9662 га жер керек.

Сонымен қатар тексеріс барысында көптеген елді мекендердің бас жоспарлары жоқ болып шықты немесе мүлдем ескіргендіктен, қазіргі заман талаптарына жауап бермейді. Мұндай құжаттар Жаңақала, Шыңғырлау, Жәнібек аудандары орталықтарында да жоқ.

Жеке тұрғын үй салу үшін берілген жалпы көлемі 7,7 га жер телімін өз мақсатына пайдаланбаудың 7 фактісі анықталды.

Соңғы жаңалықтар