Батыс Қазақстанда 4 млрд. 623,4 млн. теңгеге 12 денсаулық сақтау нысаны салынуда

ОРАЛ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 4 млрд. 623,4 млн. теңгеге 12 денсаулық сақтау нысаны салынуда.
None
None
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, биыл сондай-ақ 23 нысан күрделі жөнделмек, оған облыс бюджетінен 1 млрд. 481,7 млн. теңге бөлінген. Өткен жылы өңірде екі емдеу мекемесі салынса, 14-і күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Облыс басшысының айтуынша, әлеуметтік нысандар назардан тыс қалған емес. Қаржының көзі шығып жатса, ең алдымен осы салаға жұмсалуда.
Соңғы жаңалықтар