Батыс Қазақстанда 43,3 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, өткен жылғыдан 35,2 пайызға өсті

ОРАЛ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда 43,3 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, өткен жылғыдан 35,2 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
None
None

Жыл басынан бері өңірде 739 жаңа ғимарат пайдалануға берілсе, соның 601-і - тұрғын үй мақсатындағы нысандар. Жеті айда төрт денсаулық сақтау нысаны, бір білім беру ғимараты іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар