Батыс Қазақстанда 49,3 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылып, өсім көлемі 20,2 пайызға жетті

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, барлық бөлшек сауда көлемі мемлекеттік емес саланың үлесіне тиеді. Жеке сауда кәсіпорындары 48,7 млрд. теңгенің (98,6 пайыз) тауарын өткізсе, 0,6 млрд. теңге (1,4 пайыз) өзге мемлекеттердің заңды тұлғалары мен азаматтары еншісінде.
Ірі және орта кәсіпорындар 10,7 млрд. теңгенің тауарын сатса (21,7 пайыз), шағындары - 8,4 млрд. теңге (17,2 пайыз), жеке кәсіпкерлер - 18,9 млрд. теңге (38,2 пайыз), базарлар 11,3 млрд. теңгенің (22,9 пайыз) тауарын өткізді.
Бөлшек сауда көлеміндегі базарлар мен жеке кәсіпкерлер үлесі 61,1 пайызға (30,2 млрд. теңге) жетсе, сауда кәсіпорындарының еншісінде - 38,9 пайыз (19,1 млрд. теңге).
Облыстың әр тұрғынына есептегенде орта есеппен 78,7 мың теңгенің тауары сатылды.
Бөлшек сауда көлемінің 75,2 пайызы Орал қаласы, 8 пайызы Бөрлі ауданының үлесіне тиеді