Батыс Қазақстанда 5233 шағын кәсіпорын жұмыс жасайды

ОРАЛ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биылғы 1 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында 8252 заңды тұлға тіркелген.
None
None

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның 7605-інде қызметкер саны 50 адамнан аз. Заңды тұлғалардың 5879-ы жұмыс жасаса, соның 5233-і - шағын кәсіпорындар.

Заңды тұлғалардың 23 пайызы - сауда, автокөлік және мотоциклдерді жөндеу, 14,2 пайызы - құрылыс, 9,3 пайызы қаржы және сақтандыру қызметі саласында. Осы үшеуінің үлесі 46,5 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар