Батыс Қазақстанда 61,5 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды

ОРАЛ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда 61,5 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 15,1 пайызға артық,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Құрылыс жұмыстарының жартысынан астамы немесе 56,9 пайызы ғимараттар салу мен азаматтық құрылыс үлесіне тиеді. Құрылыс жұмыстарының 50 пайызы Бөрлі ауданында орындалса, 15,3 пайызы - Теректі, 9,9 пайызы - Зеленов, 19,2 пайызы Орал қаласының еншісінде.

Жыл басынан бері 1255 жаңа ғимарат іске қосылса, осының 1017-сі - тұрғын үйлер.

Соңғы жаңалықтар