Батыс Қазақстанда 66,5 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды

ОРАЛ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда 66,5 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Соның ішінде сауда кәсіпорындары 28,2 млрд. теңгенің тауарын өткізсе, сауда нүктелері бар жеке кәсіпкерлер 38,3 млрд. теңгенің тауарын сатты. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, бөлшек сауда көлемі 3,4 пайызға қысқарды.

Сыртқы сауда айналымы он айда 1468,1 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылғыдан 37,1 пайызға төмендесе, экспорт 628,9 млн. (53,2 пайызға кем), импорт 839,2 млн. доллар (15,2 пайызға аз) болды.

Соңғы жаңалықтар