19:37, 03 Тамыз 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда 715 гектар жер өртеніп, 110 тонна шөп жанып кетті
ОРАЛ. 3 тамыз. ҚазАқпарат - 1 тамыз күні, сағат 17.06-да Қазталов ауданында дала өрті болды.

Жалын келесі күні сағат 14.52-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға БҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 1 техникасы, Ақпәтер ауылдық округі бойынша шұғыл құтқару қызметінің 135 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды. Жалын 715 гектар аумақты қамтыды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 110 тонна шөп жанып кетті.
Жалпы, өңірде күннің ыстығына байланысты өрт қаупі күшейіп тұр.