Батыс Қазақстанда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған шаралар өтуде

ОРАЛ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - БҚО-да 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған шаралар өтуде.
None
None

Облыстық ішкі саясат басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, осы айдың басынан бері қала мектептерінде «Менің сүйікті анам, әжем, әпкем» атты сурет көрмелері ұйымдастырылса, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Әйел жаны махаббатқа толы», «Әйел - ердің, елдің тағдыры» атты кітап көрмелері оқырмандар назарына ұсынылды. Орал қалалық көрме залында «Көктем. Ару» қалалық суретшілер көрмесі ашылды. Басқа да мәдени орындарда жас ақындар сайысы, концерт, кештер өтуде. Жастар мәдениет үйінде 6 наурыз күні концерттік бағдарлама қойылса, 7 наурыз күні А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында «Сен менің шаттығымсың...» атты әдеби-музыкалық кеш болады.

Соңғы жаңалықтар